Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 10 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта орналасқан
Ал «жасыл» аймақта Шымкент пен Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары тұр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 863 адамнан коронавирус анықталды.
