Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты, — делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін екенін ескертті.
Одан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.
View this post on Instagram
