«Спортшы абыройы асқақтап тұрғанда бәріне керек…» Семен Линдер ағасының өлімі туралы

Семен Линдер әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің және ағасының медальдерін жерге көмген сәті түсірілген видео жариялады.

Аға, сен мәңгі менің жүрегімдесің! Бұл біздің медальдарымыз!, — деп жазды Семен Линдер.

Ол ағасының өзін мойымай, мықты әрі адал болуға үйреткенін айтты.

Ағамның алға қойған мақсаты болды, ол ауыр атлетикамен өмір сүрді. Бұл істі бәрінен артық жақсы көрді. Спортқа жан-тәнімен берілді, штанганы қатты жақсы көрді, сол арқылы өзін тапты! Оның мақсаты мен арманы болды! Ол еліміздің патриоты еді. Қазақстан туын мақтанышпен көтерді! Жүрегі кең адам еді…, — деп жазды Семен Линдер.

Оның сөзінше, Альберт жаттығу кезінде күйзеліске түсіп, қолын сындырған. Ал жаттықтырушысы жігітті мамандарға жібермеген.

Ағам спорттан кеткеннен кейін ауыр жағдайға тап болды, көңілі қалды. Бәрі оны ұмытып кетті. Жаттықтырушысы бірнеше рет келіп, дәл сол күйінде жаттығуды жалғастыруға көндіріп көрді. (…) Содан кейін менің ағамның жаттығу жасамайтынын түсініп, ол да ұмытып кетті, — деп жазды Семен Линдер.

Айтуынша, спортшы абыройы асқақтап тұрғанда бәріне керек, ал кейін алмастыратын адам тез табылады.

Ағам ауыр атлетикадан басқа салада өзін таба алмады! Ешкімге ештеңе айтпастан кетіп қалды! Менің ағам кетті!, — деді ол.

Ол сондай-ақ мұндай жаттықтырушы балаларды жаттықтырмауы қажет екенін айтты.

Бұл әрекетінен кейін қалайша жаттықтырушы ретінде қызметін жалғастырып жатқанын елестете алмаймын, — деп толықтырды Семен Линдер.

Ол кінәлі адамның заң бойынша жазаланатынына үміт білдірді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Семён Линдер (@lindeers)

Еске салайық, 17 қыркүйекте қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер қайтыс болды. Ол 25 жаста болатын.

Алғашында оның өліміне не себеп болғаны туралы айтылмады. Кейін суицид жасағаны белгілі болды.

Алматы облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105 бабы (өзіне қол салуға жеткізу) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Бұған дейін ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Альберт Линдердің өлімі туралы айтып, спортшылар физикалық жарақат алып қана қоймай, психологиялық тұрғыда да зардап шегетінін айтты. Ол Қазақстанда мұндай атлеттер үшін қалпына келтіру орталығы жоқ екенін, тек бірнеше адам ғана спорттан тыс өмірде өз орнын табатынын жеткізді.

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорғанда дүниеге келген. 2017 жылы 24 жасында Ашхабадта өткен Азия чемпионатында топ жарды. Одан кейін тамыз айындағы Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде алтын алды. Сол кезде Альберт Линдер үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланып, чемпион атанды. Спортшының бапкері – Сергей Седов.

ДереккөзSputnik.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да