Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер қайтыс болды

Бүгін түнде талантты спортшы − ауыр атлет Альберт Линдер өмірден өтті. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Альберт қайсарлықтың, тәртіптің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің арқасында жеңіске жетудің жарқын үлгісін көрсетті. Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының ұжымы спортшының жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады, − делінген хабарламада.

Әзірге спортшының өлімінің себебі аталмайды.