Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының полиция департаменті дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы спортшы Альберт Линдердің қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Альберт Линдер 25 жаста, Талдықорғанның тумасы. Ол жастар чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған.