Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, Полиция департаментінде жедел тәртіптік комиссия өтті. Оның шешімімен Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры К. Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және “Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі” нормаларын бұзатын әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.
Сонымен бірге бұл бөлімнің бірнеше басшысы қызметтерінен босатылды.
Сондай-ақ, баяндамашы өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 362 бабы — билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты.
