«Қабырғам қайысты». Қырғызстан президенті қазақстандықтарға көңіл айтты

Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің ресми сайтында хабарланды.

Адам өліміне әкеліп соққан жарылыс туралы хабарды естігенде қабырғам қайысты. Қырғыз Республикасы және өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Апат салдарынан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз. Қайғыларыңызға ортақпыз, — деліген хабарламада.

Еске салайық, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Салдарынан алты әскери қызметкер қаза тапты. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның алтауының жағдайы ауыр екенін айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да