Алматыға келген БҰҰ мүшелерінен тест сынамалары алынды

Департамент өкілі Кабулдан келген Қазақстан азаматтары мен БҰҰ қызметкерлері арасынан ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсетпегінін жеткізді.

Бұдан бұрынғы ақпараттарымызда хабарлағанымыздай, 19 тамыз күні Кабулдан Алматыға 2 рейс ұшып келді. Алғашқы рейсте 27 Қазақстан (оның ішінде 6 бала) және 15 Қырғызстан азаматы болды. Ал қырғызстандықтар болса, әуежайдан бірден еліне кетті. Сонымен бірге Shera Inn қонақүйіне Қазақстанның 27 азаматы орналастырылды.

Айта кетерлігі, екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі келді, олардың арасында Ауғанстан азаматтары жоқ. Олар Rixos қонақүйіне тоқтады. Үш күннен кейін Кабулдан Алматыға дипломатиялық миссиясының 108 мүшесі сәтті қонды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да