Халық санағынан кейін планшеттер ауруханалар мен мектептерге беріледі

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты үкімет отырысында.

Бұл ретте деректердің сапасы мен ақпаратты жинау жеделдігі айтарлықтай жақсарады. Санақ аяқталған соң планшеттер мектептер мен ауруханаларға беріледі, — деді Әлихан Смайылов.

Ол халық санағы БҰҰ жариялаған 2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санақтарының Дүниежүзілік раунды аясында өткізілетінін атап өтті. Санақ барлық елде өткізіледі, осы жылдың өзінде әлемнің 61 елінде санақ жүргізу жоспарланған.

Әлихан Смайылов білім беру, көші-қон, табыс, жұмыспен қамту, неке жағдайы, бала туу, бала тууды жоспарлау, тілдерді меңгеру дәрежесі, дінге көзқарас және адамның тыныс-тіршілігін шектейтін факторлардың болуы сияқты мәселелер бойынша толық ақпаратты алуға тек жаппай санақ қана мүмкіндік беретінін айтты. Мұндай деректер мемлекеттік базаларда жоқ.

Санақ жүргізу — бүкіл қоғамның қатысуын талап ететін ауқымды іс-шара. Бұл шараға халықтың түсіністікпен қарағаны қажет, — деді ол.

Биыл ұлттық халық санағы екі тәсілмен жүргізіледі: 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн өткізілсе, 1-30 қазан аралығында интервьюерлер планшеттерді пайдаланып, үй-үйді аралайды.