Алматыда қандай жағдайда карантин шектеулері алынады?

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, басты міндет — төзімді иммунитет қабатын жасау.

Осы шектеу шараларын алып тастауымыз үшін халықты вакцинациямен қамтудың 70-80%-іне қол жеткізуіміз керек. Сонда біз шектеу шараларын кезең-кезеңімен алып тастай аламыз, — деді ол.

Ол қалада мұндай нәтижеге жеткенше медицина ұйымдарына шамадан тыс жүк түспеуі үшін ахуалды шектеу шараларымен тоқтату қажет екенін айтты.

Алматы коронавирус бойынша «қоңыр қызыл» аймақта. Кейінгі тәулікте өңірде инфекцияның 1 503 дерегі анықталды.

Еске салайық, Алматының бас санитар дәрігері Instagram-нан аккаунт ашқан еді. Қала тұрғындары Жандарбек Бекшиннің алғашқы видеосына сұрақтар қалдыра бастады. Кейіннен бас санитар дәрігер пікір қалдыруды шектеп қойды.

Қазір халық ақпаратты әлеуметтік желілерден алады. Сондықтан мен сіздермен қаламыздың эпидемиологиясы, ауру жұқтыру және қиындықтар туралы барлық жаңалықты Instagram-да бөлісемін, – деді Жандарбек Бекшин парақшаға жариялаған алғашқы видеосында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да