Алматының бас санитар дәрігері Instagram-нан аккаунт ашты

Қазір халық ақпаратты әлеуметтік желілерден алады. Сондықтан мен сіздермен қаламыздың эпидемиологиясы, ауру жұқтыру және қиындықтар туралы барлық жаңалықты Instagram-да бөлісемін, — деді Жандарбек Бекшин парақшаға жариялаған алғашқы видеосында.

Еске салайық, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қоңыр-қызыл» аймақта. Қазір бір күнде қалада бір жарым мыңнан аса коронавирус жұқтырған адамдар тіркеліп отыр.