Ауған әскери ұшағы Өзбекстанда апатқа ұшырады

Газета.uz порталындағы хабарламаға сәйкес, борттағы екі ауған әскері Термез ауруханасына жатқызылды. Бір күн бұрын Ауғанстанның тағы үш әскери қызметшісі осы медицина мекемесіне жеткізілгені хабарланған еді.

Әскери қызметкерлердің кеуде тұсы жарақаттанған. Миы шайқалып ауруханаға жеткізілген. Расталмаған ақпарат бойынша, ұшақтағылар парашютпен секіріп үлгерген.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі апат туралы хабарламаларды зерттеп жатыр.

Еске салайық, «Талибан» қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялады.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Өзбекстанға ұшып кетті. Бұл туралы оның жеке күзетшісі хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты екінші рет жиын өткізді. Мемлекет басшысы құзырлы мекемелерге бұл елдегі жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды.