Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола медалін ала алмады

Елена Рыбакина қола медаль үшін өткен ойында дүниежүзінің 6-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен кездесті.

Матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакина өз еншісіне жазды. Екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен жеңілді.

Үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен алда тұрып, нәтижесінде 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осылайша, Елена Рыбакина қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Десе де, Қазақстан теннисінің тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленіп отыр.

Еске салайық, қазақстандық теннисші бұған дейін Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп еді.

Елена Рыбакина үшін бұл — карьерасындағы алғашқы Олимпиада ойындары.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да