Токио-2020: Елена Рыбакина финалға шыға алмады

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті, — делінген хабарламада.

Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.

Елена Рыбакина
Фото: Olympickz, Тұрар Қазаңғапов
Елена Рыбакина
Фото: Olympickz, Тұрар Қазаңғапов