Алматыдағы әл-Фараби даңғылы 10 күнге жабылады

Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Жарбұлақ өзеніне дейінгі көлік жүретін бөлігіндегі жол жабындысын толық ауыстыра отырып, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 1-10 маусым аралығында әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады, — делінген хабарламада.

Қаланың мобильділік басқармасы келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен бірге жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.