Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметкер өзіне оқ атты

29 мамырда 3477 әскери бөлімінің әскери қызметі қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекетте отырып, өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Салдарынан ол қайтыс болды, — делінген хабарламада.

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп, қызметтік тергеу тағайындалған. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — деді баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, 3477 әскери бөлімі Өскеменде орналасқан.