Қазақстан мен бірнеше мемлекет арасында әуе рейсі қайта ашылады

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 6 мамырда халықаралық әуе рейстерін ұлғайтуға рұқсат беру туралы шешім шығарды.

Оған сәйкес Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстері ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді:

Черногория:

15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейспен Алматы – Подгорица – Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстері ашылады.

БАӘ:

10 мамырдан бастап Алматы – Дубаи – Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан — Дубаи — Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.

Қырғызстан:

15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейспен Алматы – Тамшы – Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Өзбекстан:

15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы — Самарқанд — Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Сонымен бірге 20 мамырдан бастап Air Astana акционерлік қоғамының Атырау – Франкфурт – Атырау бағытындағы рейстерін кезең-кезеңмен Атырау — Амстердам — Атырау бағытындағы рейстерге ауыстыруына рұқсат етілді. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру жоспарланып отыр.

Рейстер санитария-эпидемиология талабын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да