Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
2021 жылғы 12 мамырда сағат 14.30-да Риддер қаласындағы орман өрті 272,4 га алаңда (өрттің жалпы ауданы – 287,4 га, оның 272,4 га –орман аймағы) сөндірілді, — деді ол.
Еске салайық, өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы маңындағы Лесхоз кентінде сағат 13.55-те орманға жайылған өрттен туындаған еді.
Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесінде, сонымен бірге ТҚС үй-жайын от шарпыған, — деді Талғат Уәли.
Оның айтуынша, өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған.
Қазір 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды. Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға үндеді:
- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер;
- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер;
- шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;
- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер;
- табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.
