Алматыда қандай сауда орталықтарында вакцина салғызуға болады?

Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі Лаура Мырзағали айтты.

Алатау ауданындағы «Бақорда» сауда және ойын-сауық орталығын қарастырып жатырмыз. Әуезов ауданында — «Спутник», Grand park, MOSKVA Metropolitan, Asia Park Almaty, Almaty mall. Бостандық ауданында — ADK, Mega центр Алматы, Esentai Almaty, Forum, Atakent mall. Жетісу ауданында — Maxima, «Мерей», «Адем». Медеу ауданында — Dostyk Plaza, «ГУМ». Түрксіб ауданында «Март», — деді Лаура Мырзағали.

Лаура Мырзағали вакцинация салуға болатын базарлардың алдын ала тізімін де айтты.

Олар: «Өжет», «Кенжехан», «Ақбұлақ», «Тастақ», «Орбита», «Олжа», «Байсат», «Көк», «Түрксіб», «Жетісу» базарлары.

Еске салайық, 25 наурызда Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарында, базарларда вакцина салатын кабинеттерді ашылатыны хабарланған еді.

ДереккөзHolanews.kz