Президент «Самұрық-Қазына» қорының жаңа төрағасына тапсырма берді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарма төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қордың жұмысы жайында есеп берді. Сонымен бірге ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының әлеуметтік орнықтылығын және қаржылық  тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына «жасыл экономиканы» дамытуға байланысты салынатын жаңа құрылыс нысандарының жоспары, қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты.

Кездесу соңында президент «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.