Алматыда вакцинаны сауда үйлері мен базарларда салдыруға болады

Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали айтты.

Алматыда қазіргі уақытта вакцина салдыруға болатын 35 кабинет бар, тағы 15 кабинет дайындалып жатыр. Кабинеттер жекеменшік ұйымдарда да болады.

Тағы бір сұрақты қарастырып жатырмыз. Қала әкімінің бізге берген тапсырмасы бойынша үлкен сауда үйлерінде, үлкен базарларда вакцина салатын кабинеттерді ашуға дайындалып жатырмыз. Біз өзіміз халыққа шығамыз. Өйткені сәуір айында Алматыға 65 200 доза келеді. Бірақ бұл вакцинаны талап бойынша әуелі медицина қызметкерлеріне, полицейлерге, мұғалімдерге,  әскери қызметкерлерге, студенттерге саламыз, — деді Лаура Мырзағали Өңірлік КОммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирустың 1 105 дерегі тіркелді. Ең көп науқас Алматыда анықталды. Өңірде 341 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды.

Алматы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.