Алматы әуежайында кешіктірілген рейс жолаушылары үшін жедел желі іске қосылды

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әуежайындағы кешіктірілген рейстердің жолаушыларына кеңес беру үшін «Қазақстанның авиация әкімшілігі» акционерлік қоғамы ахуалдық орталығы 8 717 279 82 29 нөмірі бойынша жедел желі телефонын іске қосты, — делінген хабарламада.

Байланыс орталығы сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, бүгін, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болған. Ұшақ бортындағы төрт адам қаза тапты, екеуі Алматының 4 клиника ауруханасына жеткізілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да