Ан-26 ұшақ апаты: Ауруханадағы екі адамның жағдайы белгілі болды

Әкмідіктің хабарлауынша, зардап шеккендерді құтқару үшін барлық күш жұмылдырылды.

Оқиға орнына Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимация бригадасы барған.

4 адам қайтыс болды, зардап шеккен 2 адам 1987 ж. т. сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 ж. т. ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен қалалық 4 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салып жатыр. Барлық кадр, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болған.