Президент қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы бұл туралы Twitter-парақшасында жазды.

Баршаңызды бүгінгі Көрісу күнімен құттықтаймын! Ежелден келе жатқан ата салтымыз бойынша жастар осы күні үлкендерге сәлем беріп, батасын алады. Жұрт бір-біріне ақ тілектерін арнайды. Бұл — нағыз береке-бірлік пен ырыс-ынтымақтың мейрамы, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, қазақтандықтар Наурыз мейрамының алдында Көрісу күнін тойлайды. Бұл дәстүр Қазақстанның батыс өңірлерінде жақсы сақталған. Аймақ тұрғындары 14 наурызды Көрісу күні немесе Амал мерекесі деп атайды.