«Барселона» футбол клубының жаңа президенті сайланды

Жоан Лапорта басқарған кезеңде кезеңде клуб төрт рет Ла лиганы, екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Жалпы алғанда 12 турнирде топ жарған, — деп хабарлады Vesti.kz.

Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлауды жалғастырмай, өз кандидатурасын алып тастаған.

Сайлау нәтижесі бойынша Лапорта 54,28% (30 184 дауыс) жинады. Виктор Фонтқа 29,99% (16 679), Тони Фрейшаға 8,58% (4 769) адам дауыс берген.

Былтыр қазанда Хосеп Мария Бартомеу «Барселона» президенті қызметінен қуылған болатын. Кейінгі жылдары клуб нәтижесі төмендеп, команда капитаны Лионель Месси клубтан кетпек болған еді.

 

ДереккөзTengrinews.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да