Елімізде көктемгі ҰБТ 10 наурызда басталады

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет. Пәндер саны бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималь балл – 140.

Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады. Тестілеу электрон форматта «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өтеді. Прокторинг жүйесі қолданылады, бейнебақылау камерасы орнатылады, – деді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

Ведомство өкілінің айтуынша, сонымен бірге тұлғаны цифрлық сәйкестендіру — Face ID жүйесі енгізіледі. Оның көмегімен Ұлттық біріңғай тестілеуге қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға болады.

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық біріңғай тестілеу өткізу кезінде санитария талаптары қатаң сақталатынын хабарлады.