Қызылорда қаласы емханаларында жоспарлы емдеу жұмысы қалпына келді

2020 жылдың 3 тамызынан бастап Қызылорда облысындағы ахуалдың тұрақталуына орай емдеу ұйымдарындағы жоспарлы жұмыстар қайта басталды. Медициналық-санитариялық көмек беру ұйымдарында мына қызметтер уақытша тоқтатылған еді:
— Скрининг тексерулері (скрининг тексеруінің барлық түрі);
— Профилактикалық тексерулер, науқастардың профилактикалық мақсатта емханаға келуі (жұмысқа және оқуға баратындардан басқалары);
— Жоспарлы стоматология қызметі (жоспарлы стоматология қызметінің барлық түрі);
— Оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері (мектеп медицинасы), медициналық оңалтудың ІІІ сатысы (амбулаторлы жағдайда көрсетілетін реабилитация);
— Салауатты өмір салтын ұстану бойынша шаралар (СӨСҚ кабинеттерінің жұмысы, Денсаулық мектептерінің жұмысы) және психологиялық көмек көрсету қызметтері. Енді бұл қызметтер қайта жалғасады.

Бүгінгі жоспарлы емдеу жұмыстарының қайта іске қосылуы — аймақтағы ахуалдың тұрақтағанының тағы бір дәлелі. Атқарылып жатқан жұмыстың барлық көрсеткіші бойынша оң шешімдер жеткілікті. Дегенмен олар халықты босаңсытпауы керек. Сақтық шараларын қатаң сақтап, гигиена талаптарын орындайтын болса, инфекция толығымен жойылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да