Бұл күні қажет жасанды тынысалу аппараттарының саны қайта қарастырылды. Жедел жәрдем көлігін жабдықтау үшін бізге 680 портатив жасанды тынысалу аппараты және 5000-ға жуық стационар аппарат қажет, — деді Людмила Бюрабекова.
Оның айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік банк қарызы есебінен бірнеше аппарат сатып алу жоспарланып отыр.
Бұл — реанимация мен интенсив терапия палаталарын жабдықтауға арналған жасанды тынысалу аппараттары. Олар шын мәнінде шұғыл көмек көрсету үшін және ауыр науқастар үшін ұзақ уақыт қолданылады, — деді ол.
