Қызылордада 63 өкпені жасанды желдеткіш аппараты алынады

Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.

Облыс аумағында коронавирус инфекциясымен ауырғандарды және қарым-қатынаста болғандарды бақылау мақсатында барлығы 760 төсек орын ашылған. Бүгінде барлығы 2410 төсек-орын ұйымдастырылды. Оның ішінде инфекциялық төсек саны — 620 орын, провизор төсек орны саны — 1 790, — дейді басқарма басшысы.

Облыстың бас дәрігері қазіргі таңда 76 жасанды өкпені желдету аппараты (ӨЖЖ) жұмыс істейтінін, 12 аппарат істен шыққанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 64 ӨЖЖ аппараты жұмыс істеп тұр. Бұған қоса, Денсаулық сақтау министрлігіне 63 ӨЖЖ аппаратына өтінім берілді, — деді басқарма басшысы.