Қазақстандағы «белгісіз пневмония». СІМ түсінік берді

Ержан Ашықбаевтың айтуынша, Қытай елшілігі мұндай түзетуді Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен телефон арқылы әңгімелескен соң енгізді.

Біз Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға салысымен елші мырза мен біздің Денсаулық сақтау министрі арасында телефон сұхбатын ұйымдастырдық. Сұхбаттың нәтижесінде барлық мәселе бойынша тиісті ақпарат, тиісті түсініктеме Қытай тарапына жеткізілді. Содан кейін елшілік таратқан ақпаратына тиісті өзгерістерді енгізді, — деді Ержан Ашықбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай мен Ресейдің кейбір ақпарат құралдары Қазақстанда  коронавирусқа қарағанда «белгісіз пневмония» өлімге себеп болып жатқаны туралы ақпарат таратты. 10 шілде күні Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.