Қазақстандағы COVID-19: науқастар саны 52-ге жетті

Қазақстанда коронавирусты тағы үш адам жұқтырғаны белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтанда тіркелді.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы үш адам Нұр-Сұлтанда тіркелді. 20 наурыздағы сағат 22.00-де Алматыда 22, Нұр-Сұлтан бойынша 28 науқас, Қарағандыда екі адам, жалпы 52 науқас тіркелді, — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясы 49 адамнан анықталғаны хабарланған еді. COVID-19 алғаш рет Қарағандыда тіркелді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да