«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша бүгін өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, көктайғақ болады. Нұр-Сұлтанда тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы облысында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 17-22 метрге жетеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Ақтөбе облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады. Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі, Қарағанды облысында көктайғақ болады, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
