Алдағы 3 күн жауын-шашынды әрі тұманды болады

Болжам бойынша 9-11 қаңтар күндері Атлант пен Жерорта теңіздері аумағынан дымқыл әрі жылы ауа массасы келіп, Қазақстанда ауа температурасы жоғарылайды.

АУА РАЙЫ ҚАР
Фото: Iz.ru

“Қазгидромет” кәсіпорны мамандары 9-11 қаңтар күндері елімізде ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, ертеңнен бастап Қазақстанға Атлантика мен Жерорта теңізінен атмосфера фронттары бірінен кейін бірі ауып, дымқыл әрі жылы ауа массасын алып келеді. Сондықтан жауын-шашынға қарамастан республикада қатты аяз болмайды.

Қысқамерзімді суықтан кейін солтүстік-батыс тропосфера ағыны тез оңтүстік-батысқа ауысып, ауа температурасы қайта жоғарылайды. Сондықтан бұрынғыдай Қазақстанның көп бөлігінде көктайғақ болып, 500 метрден арыны көрсетпейтін тұман түседі, – деп хабарлады “Қазгидромет” мамандары.