Шығыс Қазақстан облысынан 157 жас Президенттің кадр резервіне тапсырды

Шығыс Қазақстан облысында 70 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оның 54%-і жастар. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы айтты.

Облыста 23-29 жас аралығындағы 86 адам жұмыс істейді. Ал 30-39 жас аралығындағы 518 адам басшылық қызметте. Оның ішінде облыс әкімінің бір орынбасары, үш қала мен аудан әкімі, облыстық басқарманың 10 басшысы мен 45 ауылдық округтің әкімі бар, – деді Жанна Қабдоллдақызы.

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының директоры Сергей Ковалевтың айтуынша, Президенттің жастар кадрлық резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет. Оған кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жасқа толмаған Қазақстанның жоғары білімді азаматы үміткер бола алады. Тіркеу онлайн өтеді.

Үміткерлер әуелі тестіден өтіп, эссе жазады. Бұл қатысушылардың ой-өрісін, жазу қабілетін, ақпаратты сараптай алуы мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткендер бейнежазба арқылы өз жобасын қорғайды. Жобаның әлеуметтік маңызы болуы шарт. Әр кезеңнің бағасы есепке алынып, үміткерге орташа ұпай қойылады. Озып шыққандармен эксперттік комиссия жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған қатысушылардың кандидатурасы Президенттің жастар кадрлық резервінің Ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болады, – деді Сергей Ковалев

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да