Кәсіпкерлікті дамыту туралы айта келе, әкім өңірлерде бизнес үшін қолайлы жағдай жасау керек екенін айтты. Бүгінде Индустрия паркінің 95%-і толған. Жаңа өндірістер құру үшін екінші Индустриялық парк ашу жоспарланып жатыр.
Бұрын енгізілген жобалардың жүктелуі бойынша әлі де мәселелер бар. Олардың кейбірі тоқтап қалған. Индустриал парктегі 49 жобаның 10-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. 2017-18 жылдары енгізілген 12 жобаның, шамамен 10%-і жүктелген. Әлі жұмыс істеуді қажет ететін қорлар бар, — деді Алтай Көлгінов.

Осыған байланысты индустрияландырудың әрбір жобасы бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, өндірісті қалпына келтіру бойынша Жол картасын енгізу тапсырылды.
