Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасының үш ойыншысы дубль жасады. Олар Арнольд Кнауб, Дуглас және Павел Таку. Ал АЛександр Довгань, Лео, Илья Мун және Николай Пенгрин бір-бір голдан соғып, 10:0 есебіне жеткізді.

Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші ойынында Аргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Екінші ойынның екінші кезеңде Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, барлығы алты ұпаймен Е тобында екінші орын алған болатын. Бірінші орынды 7 ұпаймен Аргентина құрамасы тұр.

22 қыркүйек күні болатын 1/8 финалда Қазақстан Испания құрамасымен кездеседі.