Қасым-Жомарт Тоқаев Корея мен Венгриядан мәртебелі меймандарды күтіп отыр

Ақорданың баспасөз қызметі алдағы күндері Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шараларды жария етті.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәуірдің 21-23-і күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сонымен бірге аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

Бұған қоса, сәуірдің 24-і күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Венгрияның Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екіжақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-венгр ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланады.