Алматы облысының жол полицейлері дабыл қақты

Алматы облысында жыл басынан үлкенді-кішілі жолдарда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 512-ге жетіп, өлім көбейген. Жол үстінде 100 адам қайғылы қазаға ұшыраса, 700-ден астам жолаушы түрлі жарақат алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан болған.

Алматы облысына қарасты Алматы-Талдықорған, Алматы-Тараз, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралдарында жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі. Өткен жылмен салыстырғанда жол үстінде көз жұмған жандар саны өкінішке қарай, 53%-ға артты. Қайғылы жағдайдың басты себебтерінің бірі — жылдамтықты асыру мен мас күйінде көлік айдау. Осы жағдайға байланысты барлық көлік жүргізушілеріне және жолаушыларға дабыл қағамыз. Жол үстінде барынша мұқият және жауапкершілікті болыңыздар, — дейді ол.

Жол-көлік оқиғаларының 73% -ы жергілікті жолдарда және жол желісінде тіркелсе, қалған 27%-ы республикалық жолдарда болған. Анықталған оқиға себептеріне сәйкес жыл басынан 41 мыңға жуық оқиға көлік жүргізушілерінің қатесінен болған. Оның 500-ден астамы мас күйінде айдаған.

Күре жолдар өтетін аудандардағы елді мекендер тұсында автокөліктің малмен қақтығысуы да көбейген. Мұндай жағдайға жолдарды төсегенде малдың өтуіне арналған өтпелердің дұрыс орналаспауымен бірге, тұрғындардың төрт түлікті қараусыз қалдыруынан әкеледі,- дейді мамандар.

Департамент Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жолдардың сапасын жақсартуға, жарықтандыруға және жол белгілерін қоюға бағытталған жұмыстар жүргізіп жатыр. 2-15 сәуір аралығанда облыста жол-көлік оқиғасының басты факторын болдырмау аясында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтпек.