17 сәуір тағы да қолшатыр ұстауды талап етеді

17 сәуірде республиканың басым бөлігінде тағы да күн жауын-шашынды болады, тек солтүстік-батыста жауын-шашын жаумайды.

Жаңбыр сәуір қолшатыр
Фото: Videoblocks.com

“Қазгидромет” кәсіпорны мамандарының мәліметінше, өңірлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте дауыл тұрады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Өңірлерде және Нұр-Сұлтанда соған байланысты ескерту жарияланды. Қызылорда облысында тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады. Атырау облысында найзағай ойнайды, екпіні 18-23 м/с-ке жететін жел соғады. Павлодар облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі, күн суық болады. Жамбыл облысында күн күркірейді, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан ​​облысында 15-20 м/с жел соғады.

17 сәуірде Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін. Есіл өзенінің Петропавл аумағындағы тұсында су деңгейі көтерілу қаупі бар.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!