Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда қала күніне орай «Алматының 25 шыңы» салтанатты шарасы өтуде

ҚазАқпарат

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Мұз сарайының ашылуына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда қала күнін мерекелеу шаралары аясында «Алматы арена» мұз сарайында «Алматының 25 шыңы» салтанатты шарасы өтуде.

Аталған салтанатты шараға ЮНЕСКО делегациясы мен Алматымен бауырлас қалалар өкілдері қатысуда. Шарада Қазақстан эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Шара соңында «Apple Fire» от шашуы болады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, от шашу қаланың үш жерінде: Көктөбе, «Астана» алаңы, «Алматы арена» мұз сарайында болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *