Кәсіпкерлердің 2 миллиард теңгеге жуық қарызына рақымшылық жасалды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында салық рақымшылығы қалай жасалатынын айтты.

Алдын ала мәлімет бойынша рақымшылыққа ілігетін салық төлеушілердің саны 90 мыңнан асады, — деді бірінші вице-премьер.

Оның айтуынша, 210,7 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарызды өтеген жағдайда бизнес 122,9 миллиард теңге өсімпұл мен 7,3 миллиард теңге айыппұлдан босатылады.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 34 мың салық төлеуші сомасы 7,6 миллиард теңге болатын негізгі қарызды өтеді. Олар бойынша 1,7 миллиард теңге болатын өсімпұл мен 0,2 миллиард теңге болатын айыппұл салынбайды, — деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің алдын ала есебі бойынша Қазақстанда салық амнистиясына 90 077 шағын және орта бизнес субъектісі ілінтіні хабарланған еді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін салық рақымшылығын жүргізуді Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтты.

ДереккөзZakon.kz