«Хеллбой»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Нил Маршалл

Ұзақтығы: 120 минут

Рольдерде: Иэн МакШейн, Милла Йовович, Лоуренс Гордон, Дэвид Харбор, Джон Томпсон, Пенелопа Митчелл

Жанры: фэнтези, боевик, шытырман оқиға, хоррор

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжет бойынша ғажайып кейіпкер Хеллбой орта ғасырлардан бері келе жатқан Қанды патшайымға қарсы шығу үшін Англияға аттанады. Бұл шайқастың нәтижесіне бүкіл әлемнің тағдыры тәуелді.

«Отағасы»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Фархад Көлбаев

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Әсел Сәдуақасова, Әбунасыр Серіков, Марйам Сатаева, Мейірғат Амангелдин, Қайрат Әділгерей, Еламан Есентаев, Бекзат Елеусізов

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мұхтар — бірнеше кредиті бар, таксист болып істейтін отағасы. Бірде қызы күйеуге тиетінін хабарлайды. Ал бұл — тағы да шығындалу қажет деген сөз. Осылай күйзеліп жүрген сәтінде оған өмірін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туады. Алайда ол үшін Мұхтар отбасынан бас тартуы керек.

«Бірінші жарқыл»

Шығарушы мемлекет: Канада

Режиссеры: Джейсон Стоун

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Кейт Бертон, Стефани Скотт, Перси Хайнс Уайт, Теодор Пеллерен

Жанры: драма, триллер, фэнтези

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бір түні қаланың үстінен белгісіз жарықтар пайда болады. Осыдан кейін Алекстің бойынан қауіпті қабілеттер байқалады. Бұл қасиет туралы кімге айтарын білмеген Алекс досына келеді. Бірақ бойында түсініксіз қабілеттерді байқаған билік өкілдері қызды ұстап алуды көздеп жүр. Шиеленіскен сюжет немен аяқталмақ?

«Ащы, тәтті, қышқыл»

Шығарушы мемлекет: Түркия

Режиссеры: Андач Хазнедароглу

Ұзақтығы: 106 минут

Рольдерде: Бугра Гюльсо, Озге Оспиринк

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Мұрат пен Дуйгу бір-біріне ғашық еді. Мұрат қызға сөз салады. Бірақ Дуйгудың өз жоспары бар. Олар арада бес жыл өткен соң кездесеміз деп сөз байласады. Алайда өмір ойдағыдай бола бермейді.

«Небәрі 100 ғана зат»

Шығарушы мемлекет: Германия

Режиссеры: Флориан Давид Фиц

Ұзақтығы: 111 минут

Рольдерде: Флориан Давид Фиц, Маттиас Швайгхефер, Мириам Штайн, Ханнелоре Эльснер, Вольфганг Штумф, Катарина Тальбах

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Пауль мен Тони — ажырамас достар. Олар — дүниеқұмар жігіттер. Өмірін киімдерінсіз, аксессуарлары мен гаджеттерінсіз елестете алмайды. Бір күні екі дос «бар дүние-мүлкінен бас тартып күн кешеміз» деп бәстеседі. Бұл ойын немен аяқталады? Достардың пендеауи өмірге деген көзқарасы өзгере ме?

«Зиялы қауым»

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания, Франция, Польша, АҚШ, Германия

Режиссеры: Клер Дени

Ұзақтығы: 113 минут

Рольдерде: Роберт Паттинсон, Жюльет Бинош, Агата Бузек, Ларс Айдингер, Миа Гот

Жанры: драма, фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ғарышта Күн жүйесінен тысқары жүрген бір кеме экипажы ерекше миссияны орындайды. Олардың көздегені — Жерге жақын қара құрдым. Ғарыш кемесінде — өлім жазасына кесілген қылмыскерлер. Олар қара құрдымнан энергия алу экспериментіне қатысуы тиіс. Соның ішінде жасанды ұрықтандыру арқылы адам өмірін ұзарту сынағы да жасалады. Қылмыскерлерге өмірінің соңына дейін осы станцияда қалу жазасы берілген. Уақыт өте келе ғарыш кемесі құрдымға тереңдеп ене түседі.

«Қысқа толқындар»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Михаил Довженко

Ұзақтығы: 80 минут

Рольдерде: Алиса Хазанова, Елена Плаксина, Игорь Ясулович, Северия Янушаускайте, Екатерина Волкова

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Альманах сюжеті бір-бірімен байланыспайтын шағын оқиғалардан тұрады. Бірақ бұл хикаялардың бәріне ортақ бір жүйе бар, ол — радиостанцияда болған қызық сәттер.

«Сирано. Премьераға үлгеру»

Шығарушы мемлекет: Франция, Бельгия

Режиссеры: Алексис Михалик

Ұзақтығы: 110 минут

Рольдерде: Тома Соливерес, Оливье Гурме, Матильда Сенье, Том Либ, Люси Бужена, Элис де Ланкесэ, Клементин Селарье

Жанры: драма, комедия, тарихи хикая

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

1897 жыл. Париж. Отызға толмаған Эдмон Ростан — екі баланың әкесі. Ол отбасын асырау үшін пьесасын жазуы керек. Бірақ оның қалам тербемегеніне екі жыл болды, ал пьесасының премьерасы жақындап қалды. Оның үстіне, Эдмонның жақындары, тіпті, өзі де шығармасын уақытында бітіретініне сенімсіз.

«Үй иесі»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Евгений Бедарев

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Екатерина Гусева, Татьяна Орлова, Павел Деревянко, Дмитрий Белоцерковский, Сергей Чирков

Жанры: отбасылық драма, фэнтези, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Мәскеудің бір түкпірінде ерекше үй бар дейді. Үйдің ішінде біртүрлі пәтер бар екен. Бұл пәтерде ешкім де ұзақ тұрмайды.

Күндердің күнінде осы жерге 8 жастағы Алина деген қызы бар ана көшіп келеді. Сол кездері олар пәтерде үй аруағы тұратынын біледі. Үй иесі бүкіл адамзатқа өкпелі, ол үйдегі бөтен адамдарды қуып шыққысы келеді. Бірақ бұл жолы отбасы оңай берілгісі келмейді.