Оразаның іш құрылысына пайдасы қандай?

Эндокринологтың айтуынша, ораза ұстаған кезде адам ағзасы жаңарады.

Ораза кезінде ағзадағы қалдықтар шығады. Іш құрылысы, тері — бәрі жаңарады. Сонымен қатар бұл кезде көбі салмақ тастайды, — дейді маман.

Қандай жағдайда ораза ұстамаған дұрыс?

Адам сырқаттың асқынған түрімен ауыратын болса, ашығуына болмайды. Ораза ұстауды бастаған кезде дене температурасының көтерілмеуі, өзін жақсы сезінуі маңызды, — дейді Әйгерім Зейнел.

Эндокринолог ораза ұстап жүрген адамның өзгерістеріне қарап диагноз қоюға болатынын айтты.

Негізі емделушінің диагнозын көрмейінше, мынадай жағдайда ауыз бекітуге болмайды деп айту қиын. Себебі ашығу әр адамға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, емделушінің асқазанында жара бола тұра ол ораза ұстады делік. Оның еш жері ауырмайды, өзін жайсыз сезінбейді. Бірақ асқазан жарасы ашыққан кезде үлкейіп кетуі мүмкін және оны адамның өзі байқамай қалады. Егер асқазан ауруы асқынған болса, адам оразаға шыдамайды, — дейді ол.

Маманның айтуынша, өтін алдыртқан адам ораза ұстаса, керісінше, оның денсаулығына жақсы әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда сол емделушінің дәрігері ары қарай да ауыз бекіте беруіне болатынын айтады. Сонымен қатар қант диабетімен ауыратын адам еш қиындықсыз ораза ұстауы мүмкін. Бұл адамның ашығуды көтере алу мүмкіндігіне байланысты.

Ауырған жағдайда не істеу керек?

Кез келген адам ораза ұстағанда ағзасында болып жатқан жайттарды күнделікті бақылап жүруі керек. Бір жері ауырса, өзі емделуге әрекеттенбесін. Дереу дәрігердің көмегіне жүгінуі қажет, — дейді маман.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!