Еліміздің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 8 сәуірде республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі. Жамбыл облысында тұман түсіп, 15-23 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында 15-23 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Ақтөбе облысында 16 м/с жел соғады. Түркістан облысында 15-20 м/с жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі бар. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да