Алматы облысы Білім басқармасы Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы «Сардар» облыстық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты — Жастар жылына орай әскери қызметке қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, әскери білімді насихаттау, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу. Олимпиада 29-30 наурыз күндері Талдықорған қаласы №28 IT мектеп-лицейінде 11 сынып оқушылары арасында өтті.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасына 14 аудан және 3 қаланың командалары теориялық және практикалық кезеңдер бойынша өзара бақталасты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Ескелді ауданы Ілияс Манан ІІІ дәрежелі, Еңбекшіқазақ ауданы Ағабек Уразалиев ІІ дәрежелі және Көксу ауданы Ерсәт Жұмахан І дәрежелі дипломды иеленіп марапатталды. Аталған оқушылар осы жылдың 17-19 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасына Алматы облысының намысын қорғауға барады.
«Сардар» кешенді олимпиадасының нәтижесі бойынша аудандар мен қалалардың командалары алғыс хаттармен, номинациялар бойынша («Автоматы шапшаң шашып жинау», «Қашықтыққа 3000 шақырымға жүгіру», («Қашықтыққа 100 метрге жүгіру», «Кермеге тартылу», «Саптық жаттығуларды орындау») мадақтама грамоталарымен марапатталды.