30 наурыздағы ауа райы: жауын-шашынды сенбі

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына қарағанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түседі, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысында 15-20 м/с жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында су тасқыны қаупі бар. Алматы іргесіндегі таулы өңірлерде қар көшуі мүмкін.