Қар, жауын, бұршақ: 11 қыркүйектегі ауа райына болжам

Еліміздің батысында оңтүстік және оңтүстік шығыста күн жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Шығыста жекелеген аудандарда найзағай бақыланып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің 15-20, күндіз 25 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстік және орталық бөлігінде түнде және таңертең тұман және ызғар болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде таңертең тұман болады, түнде желдің 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей  жерлерінде  желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 1-3 градус ызғар болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігенде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі бар.