Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әуежай маңындағы заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Фото: Inform.kz
Маңғыстау көлік прокуратурасы әуе аймағына жақын аумақта заңсыз берілген 50 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Жердің кадастрлық құны 870 миллион теңге болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Маңғыстау көлік прокуратурасы жүргізген тексеру барысында әуе аймағы маңында орналасқан жер учаскесінің заң талаптарын бұза отырып берілгені анықталды.

Ведомство мәліметінше, аталған жер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін бөлінген. Алайда жер заңнамасының талаптарына қарамастан, учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жалпы аумағы 50 гектар болатын жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның кадастрлық құны 870 миллион теңгеге бағаланған. Прокуратура өкілдері мұндай заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, әуе маңындағы аумақтардағы жер заңнамасының сақталуын бақылау мемлекеттік мүдделерді қорғауға және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақалаға реакция