Францияның Алматыдағы бас консулдығы мен Француз альянсы “Франция мәдениеті” атты викторинаға қатысуға шақырады.

Викторинаның басты жүлдесі – Парижге жолдама, оның ішінде “Корпорация Гранд” турагенттігінің қолдауымен Air Astana әуе компаниясының бизнес-класымен Франция астанасына дейін ұшу және фешенебель қонақүйде тұру. Байқауда француз тілін оқыту курстары, француз бижутериясы және тағы басқалар да жүлдеге қойылған. Байқау 26 наурызда басталды, 2 сәуірге дейін созылады.

Байқау жеңімпаздары қойылған сұрақтарға барынша дұрыс жауап берген қатысушылар арасында анықталады. Қорытынды 2018 жылдың 6 сәуірінде Алматыдағы Француз альянсының @afalmaty Instagram-парақшасында тікелей эфирде шығарылады.

Біздің байқау – бұл Алматыдағы Француз альянсы базасында өткізілетін көптеген іс-шараның бірі, қазақстандықтардың француз мәдениетін зерттеуге деген қызығушылығын дамыту мен тереңдетуді ынталандыруға арналған, – дейді Францияның Алматыдағы бас консулы Алексис Шахтахтинский.

Францияның бас консулы Алексис Шахтахтинский мен Француз альянсының президенті Зүлфи Жаркешева
Францияның бас консулы Алексис Шахтахтинский мен Француз альянсының президенті Зүлфи Жаркешева. Фото: Ырыс Аманкелді

Француз альянсы 2004 жылдан бастап француз тілі курстарын ұйымдастыру және 14 000 астам кітап қоры бар франкофон кітапханасын қолдау жөніндегі қызметін іске асырып келеді. Альянстың міндеттеріне форматы әртүрлі мәдени іс-шараларды өткізу де кіреді. Атап айтқанда, “Франкофония көктемі” фестивалі, француз тілі апталығы, “Француз киносы бүгін” фестивалі, Алматы халықаралық джаз-фестивалі, музыка мерекесі, Цифрлық күз, Гастрономия мерекесі, Оқу мерекесі, дискуссиялар,  киноклубтар, ән ательелері және басқа.

Біз “Франция мәдениеті” байқауын ұйымдастырғанымызға өте қуаныштымыз, мұндай мәдени шаралар – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Алматыдағы Француз альянсы тіл курстарының оқыту шарттары мен мазмұнын үнемі жақсартуды жолға қойған, – дейді Француз альянсының президенті Зүлфи Жаркешева.

Байқаудың шарттарымен Алматыдағы Француз альянсының және Францияның Алматы дағы бас консулдығының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан танысуға болады:

Instagram – @afalmaty

Facebook – https://www.facebook.com/france.almaty/

Instagram – @consulatdefrance_a_almaty.

Хештег – #NauryzAParis.