Басты бетЖаңалықтар15 наурыздағы...

15 наурыздағы ауа райы: солтүстікте боран, оңтүстік-батыста шаңды дауыл

15 наурызда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соқса, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында екпіні 30 м/с және одан да асатын жел мен боран соғады, көктайғақ болады.

Қостанай облысында 25 м/с жел мен боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағанды, Павлодар облыстарында көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Алматы облысында жел екпіні 18-23 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұман түседі, Ақтөбе облысында көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқыны қаупі күшейеді.